1797

Ақтөбеде өткен "Алтын домбыра" айтыскерлер жүлдесінен Жүрсін Ерман көрінбеді

Беделді жүлдені табыстау рәсімінен Жүрсін Ерман бой көрсетпеді.
Фотография - Ақтөбеде өткен "Алтын домбыра" айтыскерлер жүлдесінен Жүрсін Ерман көрінбеді Сурет: instagram.com/sarkanai

Ақтөбеде өткен "Алтын домбыра" айтыскерлер жүлдесі Жүрсін Ермансыз берілді, деп хабарлайды Today.kz. Беделді жүлдені табыстау рәсімінен Жүрсін Ерман бой көрсетпеді. 

Бұл жолғы "Алтын домбыра" мен үш миллион теңгені Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды. 

"Жыл сайын өтетін "Алтын домбыра" айтысына қатыспағаныма 3-4 жылдың жүзі болып қалыпты. Əр түрлі жағдайларға байланысты аламан айтыстан шеттетіліп қалсам да, биылғы жылдың қорытынды айтысы "Алтын домбыраға" Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі қосып, арнайы қабылдауына шақырып, айтыс алдында ақ батасын берді. Халықпен қайта қауышуымызға мүмкіндік туғызған ағамызға алғысым шексіз", - деп жазды Бұлғақов Instagram желісіндегі парақшасына.