1850

Димаш Құдайберген Данэлия Төлешованы жеңісімен құттықтады

"Біздің ханшайымымыз, сұлуымыз, тамаша талант және жақсы тәрбие алған қыз Данелек жеңіске жетті, достар!" - деді Димаш Құдайберген.
Фотография - Димаш Құдайберген Данэлия Төлешованы жеңісімен құттықтады Сурет ашық дереккөзден алынды

Димаш Құдайберген Украинаның "Голос. Діти" телебайқауында Бас жүлдені жеңіп алған Данэлия Төлешованы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Today.kz

"Біздің ханшайымымыз, сұлуымыз, тамаша талант және жақсы тәрбие алған қыз Данелек жеңіске жетті, достар! Шын жүрегімнен барлық жерлесімді құттықтаймын, Данэлияға Қазақстанның Тәуелсіздік күніне жасаған тамаша тартуы үшін алғыс білдіргім келеді. Біз сені жақсы көреміз!" - деп жазды Димаш Құдайберген. 

Айта кетейік, алматылық Данэлия Төлешова Украинаның балалар байқауында жеңіске жетіп, "Біздің радионың" үш айлық ротациясы мен Париждегі Disneyland-ке жолдама ұтып алған болатын. 

Данэлия ән шырқағанда көрермен көзіне жас алып, тәлімгерлер оны "болашақ әлемдік жұлдыз" деп жоғары бағалады.