Жазира мен Жанболат: Бізбен жұмыс істейтін арнайы команда жоқ

Мәдениет
2352
Олар – сахнаның сәніне айналған жұлдызды жұп. Today.kz Жазира мен Жанболатты әңгімеге тартқан еді.

Олар – сахнаның сәніне айналған жұлдызды жұп. Today.kz Жазира мен Жанболатты әңгімеге тартқан еді. 

- Соңғы кезде әншілерге арналған музыкалық марапаттар көп. Бұл әншілерге қаншалықты қажет? Әншілер жыл бойы осы марапаттар үшін жұмыс істей ме?

Жанболат: Жалпы музыкалық марапаттар керек-ақ. Өйткені ол әншілерді шабыттандырады, ары қарай да жұмыс істеуге мотивация береді. Шығармашылық шыңдалуға тамаша мүмкіндік. Сондықтан марапат үшін жұмыс істеп кетпейміз. Тек қана жұмыстың нәтижесі солай өлшенетін жақсы түсінеміз.

Жазира: Ешкім марапат үшін жұмыс істейді деп ойламаймын. Кез келген әнші хит ән жаздырғысы келеді. Хит ән не үшін? Кез келген әнші халықтың, көрерменнің көбейгенін қалайды. Клип түсіріп қойып, оны теледидардан көрсетіп қана жүре беруге болады. Бірақ халықтың алдына шығып, жанды дауыста өнер көрсетудің аурасы бөлек.

- Бүгінде көп әншінің артында үлкен команда тұрады. Продюсерінен бастап, пиар менеджері, стилисі, тіпті әкімшілеріне дейін жұмыс атқарып жүреді. Сіздерде команда бар ма? Қалай жұмыс істейсіздер?

Жанболат: Бізбен жұмыс істейтін арнайы команда жоқ. Әндерді де, киім үлгілерін де бірге ақылдасып, екеуіміз шешеміз. Жазира әдемі көйлегін таңдаса, соған сәйкес костюмді мен де таңдай саламын (күліп). Жақсы композиторлар жаңа әндер ұсынып жатады. Табиғатымызға сайын қарап, таңдай береміз. Кейде біздің дуэтке келмейтін, бірақ Жазираның табиғатына жақын әндер болса, жеке орындай қойшы деп рұқсат беремін.

Фото -

- Қазір әншілердің көбісі жеке концерт, есеп беру кештерін беріп жатады. Ал Жанболат пен Жазира соңғы рет қашан үлкен концерт берді? Және алда кеш беру жоспарда бар ма?

Жанболат: Әрине, бар. Қазір концерт беретін уақыт та жақындады. Сондықтан қазір жеке әндер де жаздырып жатырмыз. Дуэтпен де. Сондықтан да ертең жеке концерт беріп, абыроймен атқаруға тырысып жүрміз.

- Ендеше, Жанболат пен Жазираның жеке кешін нақты қашан тамашалай аламыз?

Жазира: 2018-дің күзінде есеп беру кешін өткізуді ойлап отырмыз. Әндер де жаздырып жатырмыз. Өзіміз осы жылдан қалдырмай концерт берсек деп ойлап жүрміз.

Жанболат: Қазір телеарналардың техникасы дамыған. Сахна да бұрынғыдай емес. Халықтың талғамы да бұрынғыдай емес. Сондықтан дайындық та, жақсы әндер де керек. Қазір жұмыс үстіндеміз. Күзге дейін күте тұруларыңызға тура келеді (күліп).

- Көздеріңіздің ағы мен қарасы болған ұлдарыңыз Қазбек өнерге қаншалықты жақын? Бүгінде көп әртістің баласы әртіс болып сахнаға шығып жүр. Отбасылық трио болу ойларыңызда жоқ па?

Жанболат: Әрине, баламыз әнге жақындау. Бірақ өзі кішкентай кезінен бізбен бірге сахнаға шығып жүрді ғой. Кейіннен өсе келе спортқа ауып кетті. Спортты таңдап, футбол, теннис ойнап жүр.

- Ал қай мамандықты таңдады? Сонымен әнші болам дей ме, спортшы ма?

Жазира: Қазбек әнді де, спортты да сүйеді. Бірақ мамандық таңдауда көңілі басқаны қалады. ЖОО-да білім алу мәселесіне келгенде, заңгер боламын деп таңдады. Бірақ әнді жақсы айтады. Алайда өнерге қадам басатын ойы жоқ.

- Әңгімелеріңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Ақбота Мұсабекқызы

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить