Әншілердің балалары ата-аналары туралы не ойлайды

Мәдениет
1352
Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының балалары олар туралы не ойлайды? Ата-аналарын қалай бағалайды?

Қазір бұқара өнер иелерінің талантына ғана тәнті емес. Қазір қоғам жұлдыздардың жаңа жобалары мен өнер жолындағы еңбегін сөз етпейді. Қазіргі таңда кез келген адамға жұлдыздардың отбасы, жеке өмірі мен балаларының да өмірі қызық. Today.kz қазақ эстрадасындағы жұлдызды балалар мен олардың ата-аналары туралы не ойлайтынын топтастырып көрді.

Баян Мақсатқызы бірінші күйеуімен жанжалдасып, ажырасқалы бері Айсәуле мен Айару халықтың назарында. Оларға "әлі де әкеңді жақсы көресің бе?" деген сынды отбасына қатысты сұрақтар жиі келетінге ұқсайды. Айсәуле мен Айару бұл сұрақтарға әлеуметтік желіде жауап беруге тырысады. Осыдан бір жыл бұрын Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле әлеуметтік желідегі парақшасына әкесін әлі де қатты жақсы көретінін жазған еді.

"Мен сені қатты жақсы көремін және қатты сағындым. Сен менің қорғаушымсың. Өмірде барлық адам қателеседі. Бастысы - қателігіңді түсініп, оны қайталамай, әрі қарай өмірді жалғастыратын күш табу", - дейді Айсәуле Бақытбек. Әрі ол әлеуметтік желіде анасын да шексіз жақсы көретінін көп жазады. 

Ал сіңлісі Айару әлеуметтік желігі көп сурет салып, жеке өмірі туралы ұзақ әңгіме жазғанды ұната бермейді. Бірақ шыдамның да шегі бар. Айару да ішіндегісің бәрін ақтарып, танымал адамның баласы болған қандай екенін жайып салды. 

"Қалаға шықсаң жаныңа суретке түсу үшін мыңдаған адам жетіп келеді. Кейін ол суреттердің астына сынап мыңдаған пікір жазылады. Танымал адамның қызы болу деген осы. Танымал адамның қызы болғандықтан, кез келген концерттің ең жақсы деген орнында отыра аламын. Жаңа шыққан фильмдердің тұсаукесерлеріне бара аламын. Қазақстанның ең танымал әнші, әртістерімен жеке таныса аламын. Қысқы демалысты шетелде жұлдыздармен бірге өткізе аламын. Бұл мен үшін таңсық жағдай емес. Көзімді ашқалы осылай", - дейді Айару Бақытбек

Иә, Айару үшін де анасынан асқан ардақты адам жоқ. Айару да анасынан сыр жасырмайды. Өзгелер үшін Баян Мақсатқызы жұлдыз болса, Айару үшін ең алдымен жақсы адам. 

Фото -

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз да үнемі жұрт назарында. Жұрт Айжұлдызды тек Жанар Айжанованың қызы болғаны үшін ғана емес, оның жан-жақты қарым-қабілеті үшін жақсы көреді. Мысалы, Айжұлдыз пианино, флейта, саз-сырнайда еркін ойнайды. Кәсіби суретші әрі визажист. Спорт түрлерінен каратэні еркін меңгерген. Тігін тігеді және ән айтады. Ол Германияда білім алып жатыр. Айжұлдыз инстаоқырмандарымен кішкентай кезінде түскен суреттері мен видеоларын көп бөліседі. Әрі үнемі анасын шексіз жақсы көретінін жеткізіп отырады. 

Фото -

Екі бірдей қарындасы бар Әділет Майғазыны да жұрт көзден таса қалдырмайды. Сәкен Майғазиевтың үлкен ұлы әке жолын жалғап, өнер адамы болмаса да әулет атына кір келтіріп жүрген жоқ.

"Мен өмірде 2 адамға ғана еліктегенмін, еліктеймін де. Біріншісі адамзаттың асылы Пайғамбарымыз болса, екіншісі әкем", - дейді Әділет. 

Фото -

Екі мыңыншы жылдардың басында әкесінің аяғына отыра кетіп, "Бал балалық, балдырған шақ, сан арман" деп ән айтатын Фарида Жолдасова есіңізде шығар. Бойжеткен Фарида да қазір жұрт назарында. Ұлықпан Жолдасовтың ұлы өнерге келіп, қазір көрінбей кетсе де, Фариданың өнердегі карьерасы енді басталған сияқты. Жұрттың да, журналистердің де назарында болары түсінікті жағдай. 

"Мен әкемді "Пимпаня" деп еркелетемін. Мені әкем "Пеликош" деп еркелетеді", - дейді Фарида

Фото -

Бұл тізімді Роза Рымбаеваның екі ұлы түйіндейді. Әли мен Мәдидің өмірін жұрт тек Рымбаеваның ұлдары болғаны үшін ғана бақыламайды. Екеуі де жеке әнші. Мәдиді көпшілік енді танып келе жатқанымен, Әлидің қазақ эстрадасына өз орны бар. Алайда жұртқа Роза Рымбаеваның қандай ене болары сөзсіз қызық.

Фото -

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить