Мұқағалидың жұрт жатқа айтатын бес өлеңі

Мәдениет
3401
Әр адам Мұқағали Мақатаевтың кем дегенде бір өлеңін жатқа біледі. Ал халық санасында сөзсіз жатталған ақынның қандай өлеңдері бар?

 "Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе

Көшеді өлең немесе өшеді өлең". 

Өзінің өмірден өтер күнін алдын ала сезген Мұқағали Мақатаев бұл өлең жолдарын жазғанда қандай күйде болды екен? Иә, оның өлеңдерін бүгінде барша жұрт әнге қосып шырқап, қара өлең қып жаттап жүр. Алайда Мұқаңның қоғамда ең көп тараған, алғашқы шумағы айтылса болды, жалғап ала кететін өлеңдері де жетерлік. Today.kz Мұқағали Мақатаевтың ең танымал 5 өлеңін топтастырып көрді.

"Бүгін менің туған күнім, ой бәлі-ай!"

Бүгін менің туған күнім,

Ой, бәле-ай! 

Мына адамдар неге жатыр тойламай?! 

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай. 

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей. 

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

"Мынау - шапан, Мынау - атың, мін",- демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?! 

Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен? 

Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?! 

Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! 

Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам, 

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды. ...

Тойланбаса тойланбасын, нe етейін. 

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін. 

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін...

"Пай-пай, өмір!"

Бұл өлеңді Мұқағали Мақатаевтың өзі оқыған аудиосы Алтын қорда сақталған. Сондықтан өлеңнің мәтінін емес, ақынның өзі оқыған нұсқасын ұсынуды жөн көрдік.


"Шеше, сен бақыттысың!"

Мұқағали Мақатаевтың көп өлеңі әнге айналып кеткелі қашан. Ақын өлеңіне Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов сынды ерекше дарын иелері ән жазды. Сондықтан оның "Саржайлау", "Есіңе мені алғайсың", "Жас қайың" өлеңдері музыкамен астасып, мыңдаған жүректерде шексіз шырқалды. Сондай туындылардың бірі - "Шеше, сен бақыттысың". Бұл туындыны Мақпал Жүнісова, Өмірқұл Айниязов, "Меломен" тобы тыңдарманға жақсы жеткізе алған сынды. 


"Ғашықпын!"

Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын.
Қайтып оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бүл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.

"Қара өлең"

Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емес,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Іздемпаздық менің де бар өнерім,
Будан жасап бидай мен тары егемін.
Қазан-миым бәрін де қайнатады.
Дара қойып қазақтың қара өлеңін.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить