Мұқағалидың көп жерде жарияланбаған бес өлеңі

Мәдениет
6293
Today.kz ақынның 87 жылдық мерейтойы қарсаңында Мұқағали Мақатаевтың жұрт көп біле бермейтін өлеңдерін топтастырып көрді.

Мұқағали шығармашылығын зерттеуші әрі насихаттаушы Шаяхмет Имашұлының айтуынша, Мұқағали Мақатаев екі мыңға жуық өлең жазған екен. Мұқағалидың жұрт арасында танымал, шумақтары бірден ойға оралатын өлеңдері көп. Бірақ бір оқығанда "авторы кім екен?" деп қызығып, ақыр соңында Мұқағалидың туындысы екенін білетін кездер де аз болмайды. Today.kz ақынның 87 жылдық мерейтойы қарсаңында Мұқағали Мақатаевтың жұрт көп біле бермейтін өлеңдерін топтастырып көрді. 

"Жылап келіп, келмейді жылап кеткім"

Жылап келіп, келмейді жылап кеткім!

Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім.

Жамандықты жақсартып, жақсылықты,

Онан сайын келеді қуатты еткім.

Жылап келіп, келмейді жылап кеткім!

Жеңілді әкем өмірден, жеңілді анам.

Кейімеңдер, сендердің кегіңді алам.

Мен өмірге ғашықпын, құшам оны,

Көнсін мейлі, көнбесін өмір маған. 

"Бір адам өлсе..."

- Бір адам өлсе,

Бір жұлдыз қоса сөнеді, - 

Бір кезде біреу осылай маған деп еді. 

Есімде әлі біреудің былай дегені:

- Бір адам туса,

Бір жұлдыз бірге келеді.

Сенбесең сенбе,

Осыған, әйтеу, мен сенем.

Құлазып қалам, бір жұлдыз ағып сөнсе мен.

Несі бар оның?

Айып па адам тағдырын

Бүкіл ғаламның биіктігімен өлшеген?

Аспанда кейде,

Бір жұлдыз ағып баратса,

Тұрам да қалам,

Бұралмай қалған сағатша.

Керемет неткен!

Адамның келте өмірін,

Жұлдыз бен Жердің қашықтығынан жаратса.


"Қап-қара, ғажап, сиқырлы"

Қап-қара, ғажап, сиқырлы
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз-ұйқымды,
Қап-қара түннен оянғам.
Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін.
Жарыңның шашы қап-қара,
Көзі де қара, шамасы.
Сондықтан жүзі аққала
Сондықтан әсем, қарашы.
Ақ пенен қара алмасып,
Алмасып тұрса әрдайым.
Ақ түске ғана жармасып,
Қараны неге алмайын.
Қап-қара көзді бір қыз бар,
Қашпандар қара бояудан!
Аспанда жарық жұлдыздар
Қап-қара түнде оянған.

"Қызықпа, қыз!"

Ақын жайлы айтады қызықты аңыз,
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер - патша!
Мұжық та - біз...
Тузік те - біз, түнерген бұзық та біз!
Ақындарға қызықпа,
Қызықпа, қыз!
Шынымен ақын жанын қалайсың ба?
Шыдайсың ба, шынымен талай сынға?
Ақын деген бірде қарт, бірде сәби,
Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба?
Ілікпе, қыз,
Ақынның тұяғына.
Зымиян да осылар...
Зиялы да.

"Жасасаң қайыр..."

Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа,жарқыным!
Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының.
Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ.
Өмірдің қалған тамтығын.
Ақ уыз берді, қарыз деп анам айтпады,
Мойнымда әлі, әкенің қарызы қайтпады.
Қарыз демей-ақ, қамқоршым болған дос қанша,
Қайтарар едім, қайтейін, мені байытпады...
Еліме мәңгі қарыздар едім қашаннан,
Өтермін қашан?
Кетермін қайда?
Қаша алман.
Қарыз деп айтпас, қайрымды мынау өмірге,
Қарыздар болып жасалғам.
Қарыз деп айтпа, жасасаң маған қайырым,
Қайтара алмаспын, белгісіз менің байырым...
Мен деген,жолдас, жарлының жалғыз тайымын,
Ағытып болмас айылын!..

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить