Ұлттық намысы бар адам керек еді – Есмұхан Обаев Асхат Маемиров жайлы

Мәдениет
2887
"Біраздан бері күтіп отырған басшысы келді театрға".

Кеше Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына істі болған Ерлан Біләлдің орынына жаңа директор тағайындалған еді. Театрдың жаңа басшысы Асхат Максимұлын әкемтеатр ұжымы жылы қабылдады, деп хабарлайды Today.kz.

Бір топ театр ақсақалы жаңа басшыға сәт-сапар тілеп, ізгі тілектерін білдірді. 

"Әуезов театрында үлкен жаңалық болып жатыр. Біраздан бері күтіп отырған басшысы келді театрға. Драматургияда болсын, режиссурада болсын, актерлік өнерде болсын, соны білетін адам, зерттеген адам және соған жаны ауыратын адам, ұлттық намысы бар адам, ұлттық болмысының бәрін құнды дүниелерді сахналауға жұмсайтын адам керек еді. Сондай адам келді. Сәт-сапар тілейміз. Ұлы Әуезов театрының, қазақ театрының бренді, көшбасшысы, тұңғышы, осы театрдың көркеюі жастарға байланысты", - дейді Қазақстанның Халық артисі, Әуезов театры көркемдік жетекшісінің кеңесшісі Есмұхан Обаев.

Ал театр аналары атынан Қазақстанның Халық артисі Торғын Тасыбекова Асхат Максимұлына шығармашылық табыс тілеп, басшылық қызметке келгеніне қуанатынын жеткізді. 

"Бұл Асхаттың келгеніне қуанып отырмыз. Үлкен қызмет істеген, көп оқыған, өте білімді, театр жөнінде жақсы білетін жігіт келіп отыр. Біз қарсы алып отырмыз, өйткені бөтен адам емес. өзіміздің ортамыздың адамы. Астанадан келіп отыр. Жолы болсын деймін", - дейді Торғын Тасыбекова. 

Фото -

Асхат Маемиров еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастады. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде "Актерлік өнер" бөлімінің меңгерушісі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Театр өнері" факультетінің деканы болды.  

Еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы белгілі ұйымдар – "Қазақстанның рухани қоры", "Қазақ әуендеріне" жетекшілік етті. 2017 жылы қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымдардың бірі – "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымын басқарды. Елордалық "Астана мюзикл" театрының көркемдік жетекшісі және Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті болып табылады.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить