Барлығымыз "Тұмар" фильміне бар күшімізді салып отырмыз — Әлия Назарбаева

Мәдениет
1372
"Қазақфильм" киностудиясының Эксперттік кеңесі алдында "Тұмар" фильмінің қорғалымы өтті.

"Қазақфильм" киностудиясының Эксперттік кеңесі алдында "Тұмар" фильмінің қорғалымы өтті, деп хабарлайды Today.kz "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмнің өндірісін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Сатайфильм" кинокомпаниясының қатысуымен іске асырады. Түсіру тобы қорғалым барысында дайындық кезеңінде атқарған жұмыстары туралы айтып беріп, өтпелі кезең түсірілімдері, тігілген костюмдер, дайындалған реквизиттер және түсірілім алаңдары туралы баяндап берді. Наурыз айында фильмнің негізгі түсіру жұмыстары басталады.

Фото -

 Картинаның Бас продюсері Әлия Назарбаева фильмнің түсіру тобы түсірілім жұмыстарына дайын екенін жеткізді. 

"Бұл еліміздің кино тарихындағы ең ірі тарихи киножобалардың бірі. Барлығымыз да осы жобаға үлкен жауапкершілікпен бар күшімізді салып отырмыз. Фильм арқылы тарихымыз тереңнен тартатынын және ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз без Ұлы дала рухын көрсетіп, дүйім көрерменнің көңілінен шығатын туынды түсіреміз деп үміттенем", - деді Әлия Назарбаева.  

Картинаның режиссері Ақан Сатаев Тұмардың патшайым болуы фильмге арқау болғанын, кинотуынды Тұмардың дүниеге келуімен басталып, парсының әйгілі патшасы Кирдің әскерімен болған, аңызға айналған шайқаспен аяқталады деп жеткізді.

"Біздің басты мақсатымыз – б.з.д.  V-VI ғасырларда Орта Азияны мекендеген, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, соғыс саясаты және өнерімен әлем тарихында өз орнын алған, сақ, массагетер сынды тайпалар  қазақ халқының арғы ата-бабасы екенін дәлелдеу. Бұл фильм қазақ халқының мәдениеті мен дүниетанымының тамыры тым тереңде жатқанын дәлелдей түседі", - деді Ақан Сатаев.

Сонымен қатар танымал кинорежиссер жиналғандарға түсірілген кейбір сахналарды көрсетті. Ол түсірілімдердің ерекшелігі және фильмдегі шайқас көріністерінің түсірілімдері қиын болатынын айтты.

"Фильмнің өтпелі кезең түсірілімдері былтыр желтоқсан айында  Алматы облысының Заречный ауылының маңында жүргізілді. Наурыз айының басында "Қазақфильмнің" павильондарында түсіру жұмыстарын жалғастырып, Тұмар патшайымның дүниеге келгенін түсіреміз", - деді режиссер.

Фото -

Фильмнің түсіру жұмыстары Қазақстанның басқа да көркем жерлерінде, атап айтсақ, Жаркент, Шонжа, Бурабай мен Баянауылда түсіріледі. Жалпы түсіру жұмыстары төрт айға созылмақ.  

Картинаның продюсері Анна Чакиртова республикалық көлемде өткен кастинг туралы айтты. 

"Дайындық кезең сегіз айға созылды. Осы уақыт аралығында біз түсірілім орындарын анықтап, өтпелі кезең түсірілімдерін жүргіздік. Сонымен қатар, Қазақстанның ірі 15 қалаларында республикалық деңгейде кастинг өткіздік. Жалпы кастингке 15000-нан астам адам қатысты. Басты рөлге фотосуреттер бойынша 1500 үміткерлер болды. Кейін бұл сан 200-ге дейін қысқартылды. Іріктеу нәтижесінде массагеттердің патшайымы рөліне Әлмира Тұрсын есімді бойжеткен бекітілді. Айта кетсек, бұл оның кинодағы алғашқы рөлі", - деді ол.

Сондай-ақ продюсер бүгінгі күні барлық басты рөлдерді сомдайтын актерлар трюктарды қоюшы Жайдарбек Күнғожиновтың "Nomad" жаттықтыру лагерінде дайындалып жатқанын, яғни атқа жайдақ мініп, қару-жарақты асынып, садақ тартып, соғыс өнерінен сауаттарын ашып жатқандарын айтты.

Фото -

Ал фильмнің кеңесшісі, еліміздің белгілі тарихшысы Алмас Ордабаев аталған жобаның тарихи анықтығы туралы әңгімелеп берді.

"Өкінішке қарай, Геродот суреттеген Кир мен Тұмар арасында болған шайқастан басқа патшайым туралы ақпарат жоқ. Алайда, бұл көркем фильм үшін жеткілікті деп ойлаймын. Бұл оқиға аты аңызға айналған ірі шайқаспен аяқталады.  

Дегенмен, сол дәуірге қатысты дерек көздер баршылық. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған "Алтын адам" және біздің археологтар мен тарихшыларымыз ашқан басқа да жәдігерлер олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі туралы, сол өркениеттің даму деңгейі туралы мол ақпарат беріп, мемлекеттілік бірлестіктердің бар болғанын айқындай түседі. Осы фильмде сол дәуірдің қоғамына тән көптеген  құбылыстарды, әлеуметтік иерархия, мемлекеттік символика, салтанатты жиындар және тағы да басқа ерекшеліктерді көрсетуге тырысамыз. Сондай-ақ, қазақтардың бүгінгі дәстүрлерінің көбі сақ дәуірінен басталатынын айта кеткім келеді", - деді ол.  

Тарихи туындының тағы да бір кеңесшісі, ежелгі көшпенділерден қалған жәдігерлерді қайта қалпына келтірген, белгілі суретші-реставратор Крым Алтынбеков бұл фильмде массагеттердің күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі  металлдың рөлі туралы айтты.

"Сол дәуірде тайпалар арасында металл өндіру кең дамыған,тіпті металлды өңдеу жолдарын жақсы білген. Осыны фильмде көрсетуіміз қажет. Массагеттердің әшекей бұйымдары өте жоғары деңгейде орындалған. Қазақстан аумағындағы барлық алтын кен орындар сол дәуірде белгілі болған. Кен орындары бар жерлерде олар қоныс теуіп, сол дәуірге сай жақсы қаруларды және әшекей бұйымдарын жасаған", - деді ол. 

Фото -

Костюмдер бойынша суретші Әсел Шалабаева "Тұмар" фильмі үшін 1000-ға жуық киім жиынтықтарын және реквизиттер (қару, әшекей бұйымдары және т.б.) дайындағанын айтты. Фильмнің басты кейіпкері – Тұмар патшайым үшін ғана жиырма костюм тігілген екен.

Одан бөлек, продюсер Анна Чакиртова аталған фильм үшін арнайы екі декорацияның тұрғызылатынын хабарлады, бірі Қапшығай қаласының маңында тұрғызылатын "Спаргапистың ордасы" декорациясы болса, екіншісі – "Қазақфильм" территориясындағы "Вавилон" қаласы.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить