Алматыда "Әміре" фильмінің көрсетілімі өтті

Мәдениет
1198
Көрсетілімге шығармашылық топ пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да келді.

Алматыда "Әміре" фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Today.kz.

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақфильм мен кәсіпкер Әлидар Өтемұратовтың "Dar Play" компаниясы бірлесе түсірген "Әміре" фильмінің премьерасына шығармашылық ұжым мен Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.

Көркем фильмге қазақ даласынан шыққан тума талант Әміре Қашаубаевтың Париждегі ЭКСПО көрмесінде ән бәйгесіне қатысып, жүлделі орын алған жеңісі арқау болған.

Фото -

"Бүгін маңызды күн. Біз бүгін қазақстандық киноның жаңа тарихын бастап жатырмыз. Бұл фильмді тек өз елімізде көрсету үшін емес, шет елдік көрермендерге де арнап түсірдік. Өйткені, қазақ өнерін, біздің ұлы тұлғаларымызды жаңа қырынан шет елге таныту біз үшін өте маңызды. Бұл фильмдегі кейбір фактілер күдік тудыруы мүмкін. Бірақ, мен сіздерге Әміренің тарихы терең зерттелгенін сеніммен айта аламын", – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Фото -

Фильмнің сценарийін Бенжамин А. ван дер Вин жазған. Жалпы сценарийдің жазылуына Әміре Қашаубаевты зерттеп жүрген Жарқын Шәкәрімнің еңбектері сеп болған. Көркем туындының режиссері Джефф Веспа. Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев пен Еркебұлан Дайыров сомдайды.

"Әміре Қашаубаевтың 1925 жылы Париждегі көрмеде болғанын және осы кезде танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен танысып, достасқанын дәлелдейтін көптеген құжаттық айғақтамалар бар. Жалпы Қашаубаев әлемнің көп жерінде болған", – деді туындының қоюшы-режиссері Джефф Веспа.

Фото -

"Бұл менің өмірімдегі ең қиын әрі жауапкершілігі мол жоба болды. "Әміре" түсіріліп жатқан кезде мен "Алтын Орда" фильмінің де түсірілімінде болдым. Сондықтан уақытты екіге бөлу керек болды", – деді басты рөлді сомдаған Санжар Мәдиев.

Фильмде құлақ құрышын қандыратын музыка мен әуен жетерлік. Санжар Мәдиевтің өзі домбырада ойнап үйрену үшін түсірілімнен бұрын 3 ай дайындалуына тура келген. Домбыраның құлағында шебер ойнау үшін экрандағы Әміреге Нұржан Тәжікенов көмектескен.

Фото -

Фото -

Фото - Фильм қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ертең үлкен экранға жол тартады. Туындының бюджеті туралы Әлидар Өтемұратов айтты.

"Фильм әлемдік аудиторияға арналғандықтан ағылшын тілінде түсірілді. Кейін қазақ және орыс тілдеріне дубляж жасалды. Біз бұл картина қандай кассаға ие болатынын болжаған жоқпыз. Түсіруге 200 миллиард жұмсадық", – деді бас продюсер.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить