1290

Қазақфильм түсірген "Оралман" "Орталық Азияның үздік фильмі" атанды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген "Оралман" фильмі Бішкекте өткен кинофестивальде 2 жүлдені жеңіп алды.
Фотография - Қазақфильм түсірген "Оралман" "Орталық Азияның үздік фильмі" атанды Сурет ашық дереккөзден алынды

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Оралман" фильмі Бішкекте өткен "Ақ Ілбіріс" фестивалінің 2 жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Today.kz "Қазақфильмнің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фильм "Орталық Азияның үздік фильмі" жүлдесімен марапатталса, басты рөлді сомдаған кино және театр актері Дулыға Ақмолда "Орталық Азияның үздік актері" жүлдесін жеңіп алды.

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген аталған фильм туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды", – делінген хабарламада.

Мамыр айының соңында "Оралман" фильмі Австрияда өтетін халықаралық кинофестивальде көрсетіледі.

Загрузка...