3803

Қазақстандық актриса Канн фестивалінде "үздік әйел рөлі" атағын жеңіп алды

Марапатты алған актриса қуанғанынан көзіне жас алды.
Фотография - Қазақстандық актриса Канн фестивалінде "үздік әйел рөлі" атағын жеңіп алды Сурет: ©Vianney Le Caer/Invision/AP

Актриса Самал Есламова 71-Канн фестивалінде үздік әйел рөлі атағын жеңіп алды. Бұл марапатты актриса байқаудың халықаралық әділқазылар алқасының шешімімен ресейлік режиссер Сергей Сергей Дворцевойдың "Айка" картинасындағы рөлі үшін иеленді, деп хабарлайды Today.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап. 

Марапатты алған актриса қуанғанынан көзіне жас алды. 

"Сергей, саған көп рақмет. Бұл мен үшін үлкен абырой", – деді Самал. 

Дворцевтің әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген Айканың өмірін баяндайды. Айканың рөлін Есламова сомдаған. Жас қыз жаңа туған сәбиінен бас тартып, қатыгез Мәскеуде тіршілік үшін күресуге мәжбүр болады. 

"Айка" фильмі РФ Мәдениет Министрлігінің қолдауымен түсірілген.