12546

Мен бұл фильмге 7 жылымды арнадым – 71-Канн жүлдесін жеңіп алған Самал Есламова

Канн кинофестивалінде ең үздік әйел рөлі үшін марапатталған қазақстандық актриса Самал Есламова жеңіске әкелген жолы жайлы баяндады.
Фотография - Мен бұл фильмге 7 жылымды арнадым – 71-Канн жүлдесін жеңіп алған Самал Есламова Сурет: ©Екатерина Чеснокова

Канн кинофестивалінде ең үздік әйел рөлі үшін марапатталған қазақстандық актриса Самал Есламова жеңіске әкелген жолы жайлы баяндады, деп хабарлайды Today.kz "Вечерняя Астана" газетіне сілтеме жасап. 

Самал Есламова "Айка" фильміне жеті жылын арнаған. Өйткені Еуропаның ең үздік киносыншылары жоғары баға берген картина түсірілімі 7 жыл бойы жүрген. Картина Мәскеуге келген қырғызстандық қыздың өмірін бейнелейді. 

"Фильмде көтерілетін тақырып жеңіл емес. Бұл – психологиялық драма, сондықтан түсірілім де қиын болды. Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін, сондықтан бұл жұмысты істеу маған қызықты. Режиссердің маған деген сенімі де, жұмысыма деген махаббатым да көмектесті. Менің кейіпкерім бұл кинода 99,9 пайыз өзі көрінді. Марапатты алғанымды әлі де түсінген жоқпын. Бәрі түс сияқты. Бұл өте керемет сезім екенін айту да артық. Шығармашылық ұжым жеті жыл бойы осы жүлдеге қарай жүрді, біз осы үшін барымызды бердік", – деді Самал. 

Марапаттау рәсіміне ол ою-өрнегі бар ерекше киім киіп шықты. Бұл тұрғыда қазақстандық актрисаға отандық продюсерлер көмектескен. 

"Еш уақытым болған жоқ. Қазақи киіммен шыққым келген, бұл үшін Қазақстанға келіп, киім өлшеу керек болды. Тағы да айтайын, бос уақытым мүлде болмады. Біз қазақстандық продюсерлермен ақылдаса отырып, осы киімге тоқтадық. Бұл көйлекті мен үшін Мәскеуге жеткізді", – деді Самал Есламова. 

Актрисаның ата-анасы Петропавлда тұрады. Актрисаның әкесі Ильяс Есламовтың сөзінше, қызының жеңісі – қажырлы еңбегінің нәтижесі. 

"Кез келген өнер түрі сияқты кино да оңай емес. Қызым Франциядағы фестивальге кетпей тұрып біз сөйлескен едік, сонда ол өзінің көп жұмыс істейтінін, күніне 4-ақ сағат ұйықтайтынын айтты. Самал актриса болам деп ойлаған жоқ. Петропавлдағы өнер колледжіне оқуға түскен кезде актерлік шеберлік бөлімі ашылды. Сосын Самал өз күшімен Ресейлік театр өнері университетіне оқуға түсті. Бұған дейін "Тюльпан" фильміне түскен еді, ол Канн кинофестивалінде "Ерекше көзқарас" аталымын жеңіп алған болатын", – деді Ильяс Есламов. 

Естеріңізге сала кетейік, Самал Есламова 71-Канн кинофестивалінде "ең үздік әйел рөлі" аталымын жеңіп алды. Марапат Самалға ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмінде басты рөлді шебер сомдағаны үшін берілді

Загрузка...