Ол – әлемдік жұлдыз: Жәния Әубәкірова туралы өнер қайраткерлері не дейді

Фотография - Ол – әлемдік жұлдыз: Жәния Әубәкірова туралы өнер қайраткерлері не дейді

Сурет: kaznet.me

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын 21 жыл басқарған Жәния Әубәкірова 12 маусымда қызметінен кетті.

711 0

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын 21 жыл басқарған Жәния Әубәкірова 12 маусымда қызметінен кетті. Today.kz редакциясы пианиношы туралы мәдениет қайраткерлері не дейтінін тыңдап көрді. 

Әубәкірова туралы әнші Роза Рымбаева жағымды пікір білдірді. 

"Екеуміз өте жақсы таныспыз, концерттерде бірге өнер көрсеттік, сахнаға бірге шықтық. Ол әлемдік жұлдыз деп ойлаймын, еліміздің тұңғыш пианиношысы, үлкен музыкант. Оның гастрольдік сапарға көбірек шыққанын қалаймын. Енді ол пианиношы ретінде концертте белсенді жұмыс істейтін болады. 

Мен оның шығармашылықпен айналысқанын қолдаймын. 

Пианиношы, жұлдыз ретінде мен оны құрметтеймін, жақсы көремін, шығармашылық жұмыстары мен концерттік өмірі көп болса екен", – деді Рымбаева. 

Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі әрі ұстазы, қазақстандық опера әншісі Толқын Забирова Жәния Әубәкірованы ұлы музыкант ретінде танитынын айтты. 

"Мен оны алдымен музыкант ретінде жақсы білемін. Консерватория – өзім оқыған менің альма-матерім. Жәния Яхияқызының кәсібилігіне ешкім шәк келтірмейді. Парижде өткен халықаралық конкурстан және басқа да әлемдік астаналарда өткен байқаулардан босқа лауреат болмайды ғой. Ол – өз ісінің кәсіби маманы, бұл даусыз дәлел", – деді ол. 

Музыканттар үлкен сахнада кездеспеген, бірақ жабық шараларда бірге өнер көрсеткен. 

"Менің білуімше, ол гастрольдік сапарға көп шығады, үлкен ұжымды басқарғанына қарамастан концерттер береді. Шығармашылық адамдарын басқару өте қиын, өйткені бұл үлкен тұлғалар, әрқайсысы бір-бір тау, ешқашан біреу сенен артық деп айта алмайсың. Бұл қызметтің түрі осындай, бұл жақта көшбасшы болу қиын", – деді Забирова. 

Ол Әубәкірованың басшылығымен консерватория жұмысының қалай жүргенін айтты. 

"Консерваторияда барлық ұжыммен жылы қарым-қатынаста болды. Бұл, әлбетте, еліміздің мәдени және ақыл-ой орталығы – осы консерваторияда ең мықты музыканттар жиналған. Отандық мәдениетті жоғары деңгейде таныстыратын ол адамдардың қайнар көзі біздің консерваторияда. Шетелде өнер көрсетіп Қазақстанды таныстыратын көптеген жас, табысты студенттердің көбі консерватория түлектері", – деді әнші. 

Забирова экс-ректордың шығармашылық қызметі мен лауазымын біріктіргеніне үнемі сүйсінген. 

"Ол әйел, ана, әже және кәсіби музыкант. Бұның бәрін біріктіру өте қиы, музыкант өз қалпын сақтау үшін үнемі музыкамен айналысуы керек. Ер адамның табиғаты басқа, отбасында да одан көп нәрсе талап етілмейді. 

Жәния Яхияқызы сияқты әйелдердің алдында бас киімімді шешіп, құрмет көрсетемін

Әубәкірова қызметінен кеткен соң, әлеуметтік желідегі парақшасында оны қолдаған халықтың қарасы көп болды. Сондай сөздердің бірі пианиношы Дмитрий Новгородскойға тиесілі. 

"Аяулы Жәния, сіздің дарыныңызға тағы бір мәрте сүйсінгім келеді. Ол қазақстандық мәдениетті елімізде де, шетелде де таныстырып жүр. Сіз үздіксіз және өз еліңіздің мақтанышысыз", – деп жазды ол.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?