4706

"Қазақфильм" қарапайым қазақтардың өмірін бейнелейтін "Талан" фильмін шығарды

Фильм прокатқа 20 қыркүйекте шықты.
Фотография - "Қазақфильм" қарапайым қазақтардың өмірін бейнелейтін "Талан" фильмін шығарды Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Астанадағы "Сары-Арқа" кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған "Талан" көркем фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімі және картинаның түсіру тобының қатысуымен баспасөз отырысы өтті, деп хабарлайды Today.kz.

Аталған кинотуындыны режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Қалымбетов, тең сценарий авторы Ғазиз Насыров, актерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекова және Асан Киркабаков, сондай-ақ жазушы Жүсіпбек Қорғасбек таныстырып, фильм туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Фото -

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған "Талан" көркем фильмінде жиырмасыншы ғасырдың 30-шы – 40-шы жылдардағы ел тарихында орын алған оқиғалар қарапайым адамдардың өмірі арқылы баяндалады. Фильмнің сценариі жазушы  Жүсіпбек Қорғасбектің "Қасқыр-адам" повесінің желісі бойынша жазылған. Картинаның түсіру жұмыстары Алматы және Алматы облысында жүргізілді.

Фото -

"Фильм қазақ халқының 30-40 жылдарда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерді баяндайды. "Талан" сөзі – "тағдыр" дегенді білдіреді. Сондықтан да, бұл фильмде мен сол замандағы адамның образын және ел басына төнген нәубет арқылы халықтың тағдырын көрсеткім келді. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, "Қазақфильм" киностудиясы мен фильмді түсіру барысында басы-қасымда болып, бірге жұмыс атқарған барлық шығармашылық тобына алғысымды білдіремін. Маған сенім артқандарыңызға үлкен рақмет", - деді картинаның режиссері Болат Қалымбетов.

Фото -

Бұл фильмге қазақтың танымал актерлері түскен, олар:

Ерік Жолжақсынов (Таласбек), Шынар Жанысбекова (Бибісара), Ержан Нұрымбет (Шорман), Ұлан Нүсіпәли (Шүкір), Оңдасын Бесікбасов (Қастек).

Естеріңізге сала кетсек, "Талан" фильмінің әлемдік тұсаукесері Иранның Тегеран қаласында өткен 36-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінің "Шығыс панорамасы" конкурстық бағдарламасы шеңберінде өткен болатын. Сонымен қатар, аталған туынды жақында ғана Астанада өткен XIV Халықаралық "Еуразия" кинофестиваліннің "Еуразия жүрегінен" бағдарламасында көрсетілді.

"Талан" көркем фильмі 2018 жылы 20 қыркүйектен бастап прокатқа шығады.

Фото - Фото -

"Талан" фильмі туралы:

Тағдырдың жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамның ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы   –  тәуелсіздіктің қадір-қасиеті көрінеді. Талан – тағдырдың синонимі.

Режиссері: Болат Қалымбетов

Сценарий авторлары: Ғазиз Насыров, Болат Қалымбетов

Қоюшы операторы: Сапар Койчуманов

Қоюшы суретші: Қуат Тлеубаев

Рөлдерде: Ерік Жолжақсынов, Шынар Жанысбекова, Ержан Нұрымбет, Ұлан Нүсіпәлі, Оңдасын Бесікбасов, Асан Киркабаков, Жасұлан Әйтенов, Қаршыға Әлікенов, Аян Өміржан.

Фото - Фото -

Загрузка...