650

Димаш Құдайберген Лондонда жеке концертін өткізеді

DQ деп аталатын шоу Royal Festival Hall-да 19 қарашада 19:00-де болады.
Фотография - Димаш Құдайберген Лондонда жеке концертін өткізеді Сурет: kazakh-tv.kz

Димаш Құдайберген Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдени күндері аясында жеке концертін береді. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жазды, деп хабарлайды Today.kz.

DQ деп аталатын шоу Royal Festival Hall-да 19 қарашада 19:00-де болады. 

"Лондон көрермені алғаш болып жас әншінің жаңа концерттік бағдарламасын көретін болады. Оның ішіне сүйікті хиттер мен жаңа композициялар бар. Димаштың әр өнер көрсетуі әлемдік резонанс тудырып, миллиардтаған тыңдарманның қызығушылығын оятады. Әлемнің кез келген түкпірінде тұратын жанкүйерлері әншінің әлемдік шоуын көре алады, ол үшін сайттан тіркеуден өту керек", – деді министр. 

Ведомства басшысының сөзінше тіркелген әр көрермен өз RSVP-бейджін алып, Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне бара алады. Тіркелу ақылы түрде жүргізіледі. Түскен қаражат қазақстандық жас дарындарды қолдау үшін жұмсалады. 

Загрузка...