1474

Димаш Құдайберген "Әлем аруы – 2018" байқауында "Ұмытылмас күн" әнін шырқады

Әнші кеште хедлайнер ретінде өнер көрсетті.
Фотография - Димаш Құдайберген "Әлем аруы – 2018" байқауында "Ұмытылмас күн" әнін шырқады Сурет: instagram/@missworld

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Әлем аруы – 2018" байқауында ән шырқады, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы байқаудың ұйымдастырушылары Instagram желісіндегі парақшаларында хабарлады. 

"Халықаралық марапаттардың иесі, әнші Димаш көрерменді таңғажайып вокалдық диапазонын көрсете отырып тамаша ән орындау шеберлігімен таңғалдырды", – деді ұйымдастырушылар. 

Естеріңізге салайық, әнші кеште хедлайнер ретінде өнер көрсетіп, әлем көз тіккен шарада "Ұмытылмас күн" әнін орындады.