Қазақстандық сұлу "Жаһан аруы – 2018" байқауында атышулы костюмді киіп шықты

Мәдениет
1144
Аталған костюм "Жаһан аруы" сахнасына шықпай тұрып елге танылып кетті.

"Жаһан аруы" сұлулық байқауында қазақстандық қатысушы ханшайым кейпіндегі алтын түстес костюм киіп шықты, деп хабарлайды Today.kz.

Сабина Әзімбаеваның видеосы Instagram желісінде пайда болды. 

"Сабина Алтын адам бейнесінде шықты. Костюмнің салмағы 30 килограмм, Сабинаның жүрісі қиындады. Бірақ ол бәрін ойдағыдай жасады", – деп жазды ролик авторы. 

Аталған костюм "Жаһан аруы" сахнасына шықпай тұрып елге танылып кетті. Байқауға бірнеше күн қалғанда оны қазақстандықтар көрген болатын. Ұлттық костюмнің батыл үлгісі желіде түрлі пікір тудырды. Бірі "ғажап" деп бағаласа, екіншілері "талғамсыз" деп таныды. 

Бангкокте ресми түрде сахнаға шыққан соң ұйымдастырушы комитет костюмді көрермен қалай қабылдағанын айтты.

"Тамаша қабылдады. Сабинаны хабарлаған кезде тек қазақстандықтар мен ТМД-дан келгендер ғана айғайлап, қолдау көрсеткен болса, ортаға шығып, қанатын жайғанда бүкіл зал үлкен қошемет көрсетті. Бәрі лайықты түрде таныстырылды, әдемі жасалды. Өзіміздің ойымыздан да асып түсті", – деді "Алматы аруы" жобасының жетекшісі Совет Сейітов. 

Костюмнің дизайнері Камила Бах та өз туындысын қазақстандық қатысушының үстінен көргеніне дән риза. 

"Сабина ешкімнен кем түскен жоқ. Бүкіл болмысымызды қостық: сахнадағы "Қазақстан" деген жазу, күн, ту, қанат. Қазақстан туралы барлық картинаны беру үшін қолымыздан келетіннің бәрін жасадық", – деді дизайнер. 

Қазір қазақстандық қатысушы кесе қойып, ұйғыр биін билеу үшін дайындалып жатыр. Совет Сейітовтың сөзінше, "бұл – жұрттың көңілін аударуға болатын бірегей би болмақ". 

Айта кетейік, халықаралық "Жаһан аруы – 2018" байқауы Бангкокте өтіп жатыр. Байқаудың финалы 17 желтоқсанда өтеді. 

Қазақстан атынан "Алматы аруы – 2017" атанған 18 жастағы Сабина Әзімбаева қатысып жатыр. Ол UIB-дің екінші курсында оқиды.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить