Кремль сарайы Димаштың Ресейде өтетін жеке концертінің анонсын жариялады

Мәдениет
2671
Димаштың жеке концерті 2019 жылдың наурыз айында өтеді.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген наурыз айында Мәскеуде жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Today.kz.

Димаш Ресейдің басты сахнасы – Кремль мемлекеттік сарайында өнер көрсетеді. Аталған мәдениет мекемесінің сайтында әйгілі әншінің концерті жайлы анонс пайда болды.  

"Димаш Құдайберген – Қазақстаннан шыққан жас, талантты әнші, шығармашылығы қысқа уақыт ішінде миллиондаған тыңдарманға және азиаттық аймақтың көрерменіне танылды. 

Жігіттің дауысы қытайлық көрерменнің жүрегінен орын алды, әнші "Грэмми" музыкалық жүлдесінің қытайлық аналогы, беделді Top Chinese Music Award жүлдесін иеленді. Әртістің диапазоны – алты октава. Әртіске тән тембр – лирикалық тенор. Әнші бельканто ән айту техникасын терең меңгерген, ол Құдайбергеновтың әншілік талантын жан-жақты көрсетуге көмек көрсетеді", – делінген анонста. 

Димаштың музыкалық мансабы қалай басталғаны да жазылған. 

"Димаш композицияларды орыс, испан, ағылшын, француз және басқа тілдерде орындайды. Орыс тілді публикаға әншінің "Славян базары – 2016" байқауының ашылу салтанатында орындаған "Беловежская пуща" әні ұнады. 2017 жылдың басында Құдайберген Қытайдағы танымал "I am a singer" бағдарламасына қатысты. Ол Лемаршальдің "Sos dun terien un detresse" әнімен көрерменді таңдай қақтырды. 2018 жылдың қаңтарында Димаш Қытайда өткен Global golden chart awards марапаттау шарасына шақырылды. Димаш "Үздік әртіс" категориясының лауреаты атанды. 

Кремльде Димаш Құдайберген екінші рет өнер көрсетейін деп отыр. Алғаш рет жас әнші Ресейдің басты сахнасында 2018 жылдың қарашасында Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнімен шыққан еді", – делінген анонста. 

Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің арасында соңғы уақытта тығыз шығармашылық байланыс орнағанын атап өту керек. Қазақстандық әнші желтоқсан айының басында ресейлік композитормен бірге "Что? Где? Когда?" бағдарламасына шықты. 2019 жылдың қазанында Димаш Бруклинде өтетін Крутойдың шығармашылық кешіне қатысады. Қазақстандық әншімен қатар Филипп Киркоров, Дима Билан, Николай Басков, Валерий Ленонтьев, Ирина Аллегрова, Алсу, A'Studio, Анжелика Варум, Ани Лорак және басқа жұлдыздар да композитордың кешіне қатысады. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить