1368

"Жаһан аруы – 2018" атағын Филиппин аруы жеңіп алды

Тайландтың Бангкок қаласында 16 желтоқсанда "Жаһан аруы – 2018" халықаралық сұлулық байқауының финалы өтті.
Фотография - "Жаһан аруы – 2018" атағын Филиппин аруы жеңіп алды Сурет ашық дереккөзден алынды

Тайландтың Бангкок қаласында 16 желтоқсанда "Жаһан аруы – 2018" халықаралық сұлулық байқауының финалы өтті, деп хабарлайды  Today.kz.

Мәртебесі биік тәжді "Филиппин аруы" Катриона Грей киді. 

Катриона Грей – әнші, модель, "Әлем аруы – 2016" байқауының қатысушысы. 

Қазақстанның намысын 18 жастағы Сабина Әзімбаева қорғады, ол жаһанның ең сұлу аруларының үздік жиырмалығына кіре алмады. 

Естеріңізге салайық, Сабина 2017 жылы "Алматы аруы" атанып, халықаралық сұлулық байқауына қатысуға жолдама алған болатын. "Жаһан аруына" бойжеткен бір жылдай уақыт дайындалды. Ол кроссфитпен, бимен шұғылданып, ағылшын тілін жетілдірді, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық акцияларына қатысты. Сабинаны дайындаған ұжым байқаудың тарихы мен шартын меңгерді. 

Қазақстандық ару байқауға 11 шабадан алып барған. Оның ішінде әшекейлер мен киімдер болған. Ару ханшайымның қыран пішіндес көйлегін киіп шығып, көрерменді таңғалдырды. 

Байқаудың шығармашылық кезеңінде Сабина басына кесе қойып, ұйғыр биін биледі. Одан бөлек, кешкі көйлек пен су киімін де таныстырды. 

Өткен жылы аталған атақты Тайланд аруы жеңіп алған болатын. Осы жылы "Жаһан аруы" байқауына 93 қыз қатысты.