779

Самал Еслямова ойнайтын "Айка" киносы "Оскардан" үмітті 9 фильмнің қатарында

Самал Еслямова түскен Сергей Дворцевойдың картинасы "Оскарға" Қазақстан атынан қатысып жатыр.
Фотография - Самал Еслямова ойнайтын "Айка" киносы "Оскардан" үмітті 9 фильмнің қатарында Сурет: © Vianney Le Caer/Invision/AP

"Айка" "Оскар" жүлдесіне үміткер фильмдердің шорт-парағына енді, деп хабарлайды Today.kz киножүлденің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Самал Еслямова түскен Сергей Дворцевойдың картинасы "Оскарға" Қазақстан атынан қатысып жатыр.  

"Айкамен" бірге аталған жүлдеден сегіз фильм үмітті. 

Олар – колумбиялық режиссердің Birds of Passage, даттық The Guilty, немістің Never Look Away, жапонның Shoplifters, ливанның Capernaum, мексиканың Roma, поляктың Cold War және солтүстік кореялықтардың Burning фильмдері. 

Киноакадемияның жұлдесін алуы мүмкін бес фильм 22 қаңтарда белгілі болады, марапаттау шарасы 24 ақпанда өтеді. 

Естеріңізге салайық, ресейлік режиссердің фильмі 71-Канн кинофестивалінен кейін танымал болды. Актриса Самал Еслямова үздік әйел рөлі үшін берілетін марапатты жеңіп алды. 

Дворцевойдың әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан заңсыз келген Айка есімді әйелдің тағдырын баяндайды. Ол жаңа туған сәбиін тастап, Мәскеуде өмір сүріп кетуге тырысады.