1309

Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мұз мүсіні пайда болды

Көкшетау қаласының мұз қалашығында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды.
Фотография - Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мұз мүсіні пайда болды Сурет: inform.kz

Көкшетау қаласының мұз қалашығында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Мұздан жасалған композицияның алдыңғы бөлігінде микрофон ұстаған Димаштың мүсіні тұр. Ал оның артында қанаттарын жайған аққулар бейнеленген. Композиция авторы – көкшетаулық белгілі суретшісі және мүсінші Манарбек Бұрмағанов.

"Әншінің шығармашылығынан, әсіресе оның Ресейде орындаған "Қалжыраған аққулардың сезімі" әнінен шабыт алған Манарбек Бұрмағанов Көкшетауда осындай мүсін жасауды шешті. Идея жергілікті деңгейде қолдау тапты. Манарбек халықаралық байқауларға үнемі қатысып тұрады. Өткен жылы шақырту бойынша Ресейде жұмыс істеді. Бірнеше рет Алматыда мүсіндер жасады", – деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов.

Еске салайық, жуырда Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сахнасында және "НТВ" арнасының "Орталық телевидение" бағдарламасында "Қалжыраған аққулардың сезімі" әнін орындаған болатын.