Димаш Құдайберген Жаңа жыл түні Qazaqstan арнасында ән шырқайды

Мәдениет
2216
Мерекелік күндерге орай, Ұлттық арна өз көрермендеріне қызықты шоу-бағдарламалар мен арнайы жобалар дайындап отыр.

Димаш Құдайберген Жаңа жылда Qazaqstan арнасында ән шырқайды, деп хабарлайды Today.kz Ұлттық арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерекелік күндерге орай, Ұлттық арна өз көрермендеріне қызықты шоу-бағдарламалар мен арнайы жобалар дайындап отыр.

Айта кетсек, кішкентай көрермендер әйгілі "Walt Disney" кинокомпаниясының үздік анимациялық фильмдерін тамашалай алады.  31 желтоқсан күні  11:15-те  "Ханшайым мен Құрбақа" көрсетілсе,  1 қаңтарда 11:45-те "Пингвиндер биі",  ал, 2 қаңтар күні 13:20-да "Жұлдызды төбет" және т.б. анимациялық фильмдермен толығады. Бұл анимациялық фильмдердің барлығы "Қазақстан" корпорациясының кинокөрсетілім және дубляж бөлімінде аударылып, дыбысталған.

Сонымен қатар, 31 желтоқсан күні 14:25-те "Алатауым- алтын ұям" атты Республикалық ақындар айтысының 1 бөлімінің тұсаукесері болмақ. Ал, айтыстың  жалғасын, 2 және 3 бөлімдерін  1 қаңтарда 15:35-те және 2 қаңтарда 14:40-та көруге болады. Ұлттық арна әзілсүйер көрермендеріне арнап 18:10-да, "Қазақстан" корпорациясының "Алтын қорында" сақталған, кезінде кеңінен танымал болған "Тамаша" ойын-сауықтық бағдарламасын тарту етпек. Көрермен көзайымына айналған бағдарламаға еліміздің біртуар әртістері Құдайберген Сұлтанбаев, Тоқсын Құлыбеков, Мейірман Нұрекеев және т. б қатысқан болатын.

Одан басқа, 19:45-те белгілі әншілер: Әлішер Кәрімов, Луина және "Формат" тобының қатысуымен "Әзіл әлемі" ток-шоуының жаңа жылдық шығарылымы көрерменге жол тартады. 

Ұлттық арнаның көрермендеріне ұсынатын ең басты сыйы - "20.19 Басты арнадағы Жаңа жыл" атты музыкалық шоу-бағдарламасы  эфирге 21:50-де және 00:00-де шығады. Мерекелік шоуда қазақ эстрадасының танымал әншілері: Мақпал Жүнісова, Бекболат Тілеухан, Жанар Доғалова, Ерке Есмахан, Қайрат Түнтеков, Зируза, Ринго тобы және т.б өз өнерлерін көрсетеді. Ал "20.19 Басты арнадағы Жаңа жыл" шоу-бағдарламасының бас қонағы – әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген болмақ. 


Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить