961

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізеді

Әнші Астана күніне орай тыңдармандарына тарту жасамақ.
Фотография - Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізеді Сурет: ©Владислав Воднев

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Астанада "Арнау" атты жеке шығармашылық концертін береді, деп хабарлайды Today.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Астана күніне орай Димаш Құдайберген елорда төрінде тағы бір үлкен концерт өткізеді. 

"Араға екі жыл салып 2017 жылы Астана Аренада "Бастау" деген ең алғашқы жобамды назарға ұсынған болатынмын. Енді сіздерге деген махаббатпен, сіздерге деген сағынышпен екі жылдан кейін, жазда "Арнау" деп аталатын тағы да үлкен концертімізді өткізгелі жатырмын", — деді әнші ОКҚ-де өткен брифингте. 

Оның айтуынша, шығармашылық концерт елордадағы "Астана Аренада" өтеді.

Димаштың кезекті концертін өткізуге "Қазақстан" РТРК қолдау көрсетіп отыр. 

"2019 жылы Димаштың әлемдік турнесі аясында концерттік бағдарламасын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдадық. Концерт Астана күні аясында өтеді деп жоспарланып отыр", — деді "Қазақстан" РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин.

Ол жас әншінің концерті телевизиялық жоба болатынын атап өтті.