2758

Димаш Құдайберген "Аққуым" әніне бейнебаян түсірді

Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Фотография - Димаш Құдайберген "Аққуым" әніне бейнебаян түсірді Сурет: видеодан скриншот

Димаш Құдайберген "Аққуым" әніне бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Today.kz

Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Көктемнің осы бір ең әдемі күні асыл әжелерге, ардақты аналарға, ақжарқын әпкелерге, аяулы аруларға ізгі тілектерімді жолдаймын. Сіздер барда әлем көрікті, адамзат атаулы асқақ, бүлдіршіндер бақытты. Көңілдеріңіз көрікті, жүздеріңіз сұлу, жүректеріңіз нұрға, өмірлеріңіз әдемі жырға толсын! Осынау атаулы мерекеде сіздерге сыйлық ретінде лирикалық сезімге толы "Аққуым" әнінің бейнебаянын ұсынамын!" - деп жазды Димаш.