2490

Данэлия Төлешова фильмге саундтрек жазды

Данэлия режиссер Руслан Ақынның “Каникулы off-line” комедиясына саундтрек жазған.
Фотография - Данэлия Төлешова фильмге саундтрек жазды Сурет: instagram/@tuleshova_daneliya

Украиналық "Голос.Дiти" жобасының жеңімпазы, Eurovision Junior мен халықаралық The World’s Best байқауларына қатысушы Данэлия Төлешова Instagram желісі арқылы жаңа бейнебаян түсіргенін хабарлады, деп жазады Today.kz.

Данэлия режиссер Руслан Ақынның “Каникулы off-line” комедиясына саундтрек жазған. 

"Менің ойымша бүкіл отбасына арнап кино түсіру оңай тапсырма емес. Мен фильмді жасаған адамдарға сенімдері мен шақырғандары үшін алғыс білдіремін. Кез келген қыз сияқты мен де киноға түсуді армандадым, саудтрек орындау ұсынысы түскен кезде бір минут та ойланған жоқпын", – дейді Данэлия. 

Әнді алты автор бірігіп шығарған. Музыкасын Бекентай Әжібеков, Сергей Шегай, Арсен Оганесов шығарса, сөзінің авторлары – Тимур Балбаев, Ернар Құрмашев және Тамерлан Сатыбалдиев. 

Фильмнің өзі жайлы айтар болсақ, ол өз ісін бастауға бекінген үш студенттің басынан кешкендерін баяндайды. Олар қаланың балаларына арнап бірегей этнолагерь ашады. Жігіттер ата-аналарды үгіттеп, бұл жердің оқушыларды планшеттен ажырататын бірден-бір мекен екеніне сендіреді. 

Балалар гаджеттерінен бас тартып, жаңа мекенге аттануға мәжбүр болады. Бірақ бәрі бірдей бұндай өзгеріске дайын болмай шығады.


Загрузка...