3483

Димаш америкалық The World's Best шоуынан өз еркімен кетті

The World's Best шоуының үшінші кезеңі қазақстандық Димаш Құдайберген үшін соңғы кезең болды.
Фотография - Димаш америкалық The World's Best шоуынан өз еркімен кетті Сурет: youtube.com / @ Entertainment Club of NJ

The World's Best шоуының үшінші кезеңі қазақстандық Димаш Құдайберген үшін соңғы кезең болды, деп хабарлайды Today.kz. Жобадан Димаш өз еркімен кеткен. 

Үшінші кезеңде Димаштың қарсыластары қазақстандық Данэлия Төлешова мен үндістандық пианиношы Лидиан Надхасварам болды. 

Димаш "Adagio" композициясын орындады. Ол әдеттегідей көрерменнің зор қошеметіне бөленді. Содан кейін бір ауыз сөз айтуға рұқсат сұрады. Димаш The World's Best жобасынан кететінін мәлімдеді, оның себебі – кішкентай балалармен бәсекелескісі келмейді. 

"Құрметті әділқазы, бүгін мен екі керемет жас дарынмен бәсекелесуге мәжбүр болып отырмын. Олардың әрі қарай өтуіне мүмкіндік беріңіздерші, мен байқаудан кетемін", – деді Димаш.