2144

Роза Рымбаева Украинада "Жыл адамы" атанды

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Фотография - Роза Рымбаева Украинада "Жыл адамы" атанды Сурет: instagram/@rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Украинада халықаралық "Жыл адамы" жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Today.kz.

Жүлде мәдениет және өнер саласында еңбек ететін қайраткерге табысталады. 

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Жыл адамы" бағдарламасының ұйымдастырушылары украиналықтардың шетел қайраткерлерін жылы қабылдайтынын айтады. 2011 жылдан бастап "Жыл адамы" жалпыхалықтық бағдарламасы шеңберінде халықаралық жүлде табысталып келеді. 

Беделді халықаралық жүлде европалық мемлекеттердің көшбасшыларына, дін өкілдеріне, дипломаттарға, меценаттарға, өнер және мәдениет саласының қайраткерлеріне беріліп жүр. 

Роза Рымбаева – кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, киноактриса, педагог-профессор. Қазақ КСР халық әртісі (1986), Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).