Қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" байқауының финалына шықты

Мәдениет
3045
Орал қаласынан шыққан оқушы Валерий Меладзенің тобына кірді.

Қазақстандық Ержан Максим Бірінші арнадағы "Голос. Дети" жобасының финалына шықты, деп хабарлайды Today.kz.

Орал қаласынан шыққан оқушы Валерий Меладзенің тобына кірді. Жекпе-жекте Ержан түмендік Ислам Балкоев (13 жаста) пен пермдік Иван Стариковтан (12 жаста) оқ бойы озық шықты. 

Меладзе үш баланың дауыстары бір-біріне ұқсайтынын айтты. 

Мүслім Магомаевтың "Синяя вечность" әнін орындаған үш баланың ішінде Ержанның өнеріне көрермен ерекше тәнті болды. 

Жалпы үш бала да әнді тамаша алып шықты. 

"Сөзім жоқ. Залдың өзі бәрін айтып тұр", – деді әділқазы мүшесі Светлана Лобода. 

Пелагея Ержанды бөлектеп сөйледі. 

"Ешкімді бөлектегім келмейді, өйткені бәрі бірдей жұмыстанғаны көрініп тұр. Бірақ... Ержан, сіздің көкейіңізде не бар? Қандай тамақ жейсіз, кімдерді тыңдайсыз? Ән айту мәнеріңіз деген енді... Қайда отырғанымды бір сәтке ұмытып қалғандаймын", – деді Пелагея. 

Валерий Меладзе болса, тәлімгер ретінде ән таңдауға көмектескенін айтты. 

"Қалғанының бәрін өздері істеді. Бәрің де өнерпазсыңдар. Иван, Ержан, Ислам, жарадыңдар! Әрқайсысың өз бөліктеріңді тамаша айтып шықтыңдар", – деді ол. 

Соңында Валерий Меладзе үш баланың ішінен қазақстандық Ержан Максимді таңдады. 

Бірақ жекпе-жек бұнымен біткен жоқ еді. Меладзенің командасынан іріктелген үздік бес өнерпаз өзара сайысқа түсті. Ержан Андреа Бочеллидің  "Ama credi e vai" композициясын айтып тағы да сахнаға шықты. 

Меладзе осы үздік бестіктің ішінен ең озық екі өнерпазды таңдауы керек еді. Әйгілі музыканттың таңдауы тағы да Ержанға түсті. Осылайша, Оралдың тумасы ресейлік телевизиялық жобаның финалына шықты. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить