1776

Ержан Максим "Голос. Дети" байқауының финалында бақ сынайды

Жас өнерпаз жеңіске бір табан жақын қалды.
Фотография - Ержан Максим "Голос. Дети" байқауының финалында бақ сынайды Сурет: instagram/@maksim_erjan

Ресейлік "Голос. Дети" байқауының финалы 26 сәуірде өтеді, оған қазақстандық өнерпаз Ержан Максим қатысады. Жеңіске бір табан жақын қалған Ержан Максим бүгін өз өнерін көрсетеді, деп хабарлайды Today.kz.

Бұған дейін Ержан көрермен дауысының өзіне қажет екенін хабарлаған еді. Бірақ кейінірек белгілі болғандай, дауыс беруге Ресей аумағында тұратын адамдар ғана мүмкіндік алған. 

Соған қарамастан жас өнерпаз дайындығын күшейтіп жатыр.

Айта кетейік, финал бірінші арнаның тікелей эфирінде бүгін, 26 сәуірде өтеді. Көрермен дауысы көп нәрсені шешетіні де белгілі. 

Естеріңізге салайық, Орал қаласында оқитын 11 жастағы Ержан Максим Валерий Меладзеден тәлім алып жатыр. Финалға дейінгі кезеңнен сәтті өткен Ержан әділқазыны таңғалдырды. Оның дауыс мүмкіндігі ғаламат екені, Ержанның өзі біртуар бала екені айтылды. 

Өнерпаздың өнерін тағы бір мәрте көргіңіз келсе, төмендегі видеоны басыңыз.