1610

Қазағымның бағына біткен баласың – Димаш Құдайберген Ержан Максим туралы

Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" шоуында екінші орын алды.
Фотография - Қазағымның бағына біткен баласың – Димаш Құдайберген Ержан Максим туралы Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Голос. Дети" шоуының супер финалына шығып, жеңіске бір табан жақын қалған Ержан Максим туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Today.kz.

"Бауырсақ бала! Сенің финалда көрсеткен өнеріңді тамашалап шықтым. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісің құтты болсын, Ержантай! Алар асуларың көп болсын. 100 миллионнан астам халықтың арасынан 2 - орын алу деген өте үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салғаның да дұрыс болды. Нағыз джентельмен сондай болады! Барлық қатысқан бүлдіршіндерді құттықтаймын. Бірақ мен үшін Ержантай жеңімпаз!" – деп жазды Димаш Instagram желісіндегі парақшасына. 

Айта кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" шоуында екінші орын алды. Бірінші орынды танымал әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіп алған еді. Алайда бұл шешім көпшіліктің көңілінен шықпай, нәтижесінде бірінші арна көрермен дауысын қайта қарауға жіберді. 

Ержан Максим 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өнер көрсетеді