848

Димаштың YouTube желісіндегі арнасы күміс батырмаға ие болды

Оның 233 мың көрермені бар.
Фотография - Димаштың YouTube желісіндегі арнасы күміс батырмаға ие болды Сурет ашық дереккөзден алынды

Димаштың YouTube желісіндегі @Dimash Kudaibergen арнасы күміс батырмаға ие болды, деп хабарлайды Today.kz.

Аталған марапат 100 мыңнан көп оқырманы бар арнаға беріледі.

Димаштың аталған марапатқа ие болғаны туралы ата-анасы желі арқылы хабарлады. 

"YouTube-тан осындай марапат келді. Dimash Kudaibergen арнасына жазылған барлық жанкүйерге рақмет айтқымыз келеді", – деп жазды олар. 

Димаштың Youtube-тегі арнасында қазіргі таңда 233 мың көрермені бар. Бірақ марапат енді жетіп отыр. 

Загрузка...