978

"Голос. Дети" шоуының финалы қайта өтті – Жеңімпаз кім?

Ресейлік "Голос. Дети" шоуының алтыншы кезеңінде болған жанжалдың соңғы нүктесі қойылды.
Фотография - "Голос. Дети" шоуының финалы қайта өтті – Жеңімпаз кім? Сурет ашық дереккөзден алынды

Ресейлік "Голос. Дети" шоуының алтыншы кезеңінде болған жанжалдың соңғы нүктесі қойылды. Бірінші арна жеңімпаздың есімін жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

Жобаның арнайы шығарылымы 24 мамырда (Қазақстан уақыты бойынша 25 мамыр) болды. Сахнаға тоғыз финалистің орнына сегізі шықты. Микелла Абрамова қатысқан жоқ. Студияда тәлімгерлер де болмады, олар жылы лебіздерін телеэкран арқылы жолдады. 

Балалардың әрқайсысы жаңа композиция орындады. Дауыс беру жүргізілген жоқ. 

Ержан Максим сахнаға соңғылардың бірі болып шығып, көрерменді өнерімен тәнті етті. 

Барлығы әндерін айтып болған соң, сахнаға Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнест көтерілді. Ол жобаға ешкімнің де ықпал ете алмайтынын мәлімдеді, сондықтан да бірінші арна өзіндік тергеу жүргізген. Көрермен дауысы жоққа шығарылып, екінші рет дауыс беру ұйымдастырылмаған. 

"Голос. Дети" жобасының жеңімпазы – Ержан Максим", – деп Эрнст қазақстандық өнерпазға марапат табыстады. 

Финалға қатысушылар баланы құттықтайын деп жатқанда Эрнст: 

"Голос. Дети" жобасының жеңімпазы – Нино Чеснер", – деді. 

Осылайша финалға шыққан барлық бала: Валерий Кузаков, Ренат Таиров, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер жеңімпаз болды. Микелла Абрамова да жеңімпаз деп танылды. 

Залдағы көрермен: "Браво!" деп айғайлады. 

 
Әр финалист бір миллион рубль алды.

 

Константин "Голос. Дети" жобасының әділ болып қалатынын мәлімдеді. 

Максим Галкин бірінші арна жанжалдан дұрыс жолмен шыға білгенін айтты. 

"Көрермен ретінде көңілім осынау әділ финалға толып отыр. Жеңімпаздарды құттықтаймын. Бірінші арна осындай дана шешім тапқаны үшін бақыттымын. Бұл ғажайып, көңіл босататын нәрсе болды. Бірінші арна жанжалдан лайықты түрде шыға білді", – деді Галкин желідегі парақшасында. 

Естеріңізге салайық, "Голос. Дети" шоуының финалы 26 сәуірде болған еді, ол жанжалмен аяқталды. Әнші Алсу мен банкир Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермен дауысын көп жинады, бірақ оған күмән келтіргендер көп болды. Нәтижесінде Бірінші арна тергеу жүргізіп, көрермен дауысының шынайы емес екенін мәлімдеді.