913

Ержан Максим мен Алсудың қызы дуэт жазды

Бұл туралы Микелланың Instagram желісіндегі парақшасы хабарлады.
Фотография - Ержан Максим мен Алсудың қызы дуэт жазды Сурет: видеодан скриншот

Қазақстандық өнерпаз Ержан Максим мен ресейлік жас әнші Микелла Абрамова дуэт жазды, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл туралы Микелланың Instagram желісіндегі парақшасы хабарлады. 

"Ержан екеуміздің дуэтімізден үзіндіні сіздерге қуана-қуана ұсынамын", – деп жазды Абрамова. 


Естеріңізге салайық, "Голос. Дети" шоуының финалы 26 сәуірде болған еді, ол жанжалмен аяқталды. Әнші Алсу мен банкир Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермен дауысын көп жинады, бірақ оған күмән келтіргендер көп болды. Нәтижесінде Бірінші арна тергеу жүргізіп, көрермен дауысының шынайы емес екенін мәлімдеді. Бірінші арна финалды қайта өткізіп, финалға шыққан барлық баланы жеңімпаз деп таныды. Жеңімпаздар арасында қазақстандық Ержан Максим де бар.