327

Ержан Максим мен Алсудың қызы бейнебаян түсірді

Ержан Максим мен Микелла Абрамова "Эта любовь" әніне дуэт жазған болатын.
Фотография - Ержан Максим мен Алсудың қызы бейнебаян түсірді Сурет ашық дереккөзден алынды

"Голос. Дети" байқауының жеңімпаздары – Алсудың қызы Микелла Абрамова мен қазақстандық өнерпаз Ержан Максим бірге бейнебаян түсіреді, деп хабарлайды Today.kz.

"#ЭтаЛюбовь әніне @maksim_erjan-мен бірге бейнебаян түсірдік. Бұл менің алғашқы бейнебаяным. Осының бәрі сырт көзге жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде олай емес. Қалай шаршағанымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Таңғы 4-те тұрдық, кадрда 6:00! Түнгі 1:30-да аяқтадық. Енді осынау әдеміліктің монтажын күтеміз", – деп жазды Микелла Instagram желісіндегі парақшасына. 

 

Айта кетейік, Ержан Максим мен Микелла Абрамова "Эта любовь" әніне дуэт жазған болатын.