783

Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке альбомы жарыққа шықты

Бір минуттан аз уақыт ішінде диск платина дискісіне айналды.
Фотография - Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке альбомы жарыққа шықты Сурет ашық дереккөзден алынды

Димаш Құдайберген өзінің алғашқы жеке альбомын шығарды. Бір минуттан аз уақыт ішінде диск платина дискісіне айналды. Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады, деп жазады Today.kz.

"Бір сағат бұрын алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секундтың ішінде альбом платиналы атанды. Бір сағаттың ішінде үш дүркін платиналы диск болды. Өте бақыттымын. Барлық жағдайда қолдау көрсететін тыңдармандарыма көп рақмет. Менің жетістігім сіздердің еңбектеріңіздің арқасы", – деді әнші. 

Естеріңізге салайық, Димаш өзінің альбомы шығатынын туған күнінде, 24 мамырда жариялаған еді.