814

Микелла Абрамова мен Ержан Максим дебютті әндерін жарыққа шығарды

Бұл жаңалықты Алсудың қызы Instagram желісі арқылы хабарлады.
Фотография - Микелла Абрамова мен Ержан Максим дебютті әндерін жарыққа шығарды Сурет ашық дереккөзден алынды

"Голос. Дети" жобасының жеңімпаздары Микелла Абрамова мен Ержан Максим дебютті әндерін жазды. Бұл жаңалықты Алсудың қызы Instagram желісі арқылы хабарлады, деп жазады Today.kz.

"Алақай! Ержан Максим екеуміздің дуэтіміз "Эта Любовь" әніне релизіміз шықты. Мықты продюсер Дмитрий Климашенко мен авторлар Шер Остонға және Дмитрий Тютлинге көп рақмет. Бүкіл сандық алаңдардан жүктеп алыңыздар", – деп жазды Микелла. 

Айта кетейік, Микелла мен Ержан дуэт жазып, оған бейнебаян түсірген еді.