820

Димаш Құдайбергеннің "Арнауынан" түсірілген видеолар мен суреттер желіге тарады

Жанкүйерлер кештен түсірген суреттері мен видеоларын белсенді түрде жариялай бастады.
Фотография - Димаш Құдайбергеннің "Арнауынан" түсірілген видеолар мен суреттер желіге тарады Сурет: kaztrk.kz

Димаш Құдайбергеннің концертіне Нұр-Сұлтандағы Астана-Арена стадионына мыңдаған жанкүйер жиналды. "Арнау" шоуының көрермендері кештен түсірілген видеолар мен суреттерді желіге жүктеп жатыр. 

Шараны ұйымдастырушы Qazaqstan арнасының мәліметінше, 35 мың орындық "Астана Арена" сарайына әлемнің 65 елінен тыңдармандар жиналған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Египет, Израиль және Марокко сынды алыс мемлекеттердің тұрғындары бар.   

Кеште 20-дан астам жаңа әннің тұсауы кесілді. Жоғары деңгейдегі қойылымдық нөмірлер үшін сахнада халықаралық алаңдарда өнер көрсетіп жүрген еліміздің ең үздік бишілері мен акробаттары өнер көрсетті. Оның ішінде, "Notre dame de Paris" мюзиклінің әртістері, "Танцы на ТНТ" жобасының қатысушылары және батуттық гиманстика бойынша спорт шеберлері бар. Кештің негізгі қонағы – ресейлік танымал композитор Игорь Крутой.    

"Тағдыр маған әлемнің ешбір байлығына айырбастамайтын, ең керемет, ең қымбат дүниені – миллиондаған тыңдарманның ыстық ықыласын сыйлады. Осы ықылас барда сахнада Димаш бар. Сіздердің арқаларыңызда әр күнім ерекше, әр күнім ғажап, санамда сақтаулы", – деді Димаш. 

Today.kz көрермен түсірген желідегі жарияланымдарды топтастырған болатын.