Оралдық жас дарын Ержан Максим отбасымен бірге Мәскеуге көшіп барады. Бұл туралы оның анасы Гүлмира Әлібек айтты, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасай отырып Today.kz. Отбасы Ержанның сабағына байланысты көшуді жөн көріпті.
"Ержан Игорь Крутойдың музыкалық академиясында білім алады. Ол жерде баспана жалдап тұрамыз. Қазір ұлым Евровидениеде өнер көрсетуге дайындалып жүр", - деді Гүлмира Әлібек. Бұл отбасы Оралдан бес жылға кетеді екен.
Еске сала кетейік, Ержан Максим "Голос. Дети" байқауына қатысып, әнші Алсудың қызы Микелла Абрамовамен бірге финалға жеткен.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить