"Қазақ хандығы. Алтын тақ" киносы Қазақстанның атынан "Оскар" жүлдесіне ұсынылды, деп хабарлайды Today.kz "Қазақфильм" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ақпаратты картинаның продюсері Арман Асенов нақтылады.
"Қазақ хандығы" киносериалының екінші маусымы – "Қазақ хандығы. Алтын тақ" деп аталады. Режиссері Рүстем Әбдірашов.
Екінші маусымның оқиға желісі Жәнібек пен Керей хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Қазақ хандығының Сығанақтағы тағы үшін таласы айналасында өрбиді. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының негізінде жазылған. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсіріліп, биылғы жылдың наурыз айында прокатқа шыққан болатын.
Сонымен қатар, өткен аптада "Қазақ хандығы. Алтын тақ" фильмі Парижде өткен Қазақ киносының фестивалі аясында көрсетіліп, "Үздік тарихи туынды" естелік жүлдесімен марпатталған болатын.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить