"Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова мен продюсер Джонатан Шенді "Композитор" фильмі Golden Screen Awards сыйлығының төрт номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймыз. Елбасы фильмді жоғары бағалады", - деп жазады ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында, деп хабарлайды Today.kz.
Еске салсақ, Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі Лос-Анжелес(АҚШ) қаласында өткен 4-ші кезекті "Golden screen awards" марапаттау шарасында жылдың "Ең үздік киносы", "Ең үздік музыка", "Ең үздік ер адам рөлі" және "Ең үздік әйел рөлі" сынды 4 номинация бойынша марапатталды. "Композитор" фильмінің тұсау кесері ағымдағы жылдың 17 мамыр күні елордада өткен болатын.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить