Солтүстік Қазақстан облысында жаңажылдық мереке күндері 35 қылмыс тіркелген. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңажылдық мереке күндері облыс полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. 4 күнде облыста 35 қылмыс тіркелген. 1500-ден астам хабарлама «102»-ге түскен. Оның көпшілігі мерекелік дастархан басында туындаған жанжалдар мен отбасылық даулар.
Мерекеде орын алған қылмыстар мен заңбұзушылықтардың денін ішімдікке сылқия тойып алған адамдар жасаған. Бұл күндері адам өлтіру, ұрлық, жол-көлік апаты тіркелген.
bnews.kz сайтынан
Пікір (0)