Астанада түркиялыққа қарақшылық шабуыл жасаған Моңғолия азаматтары ұсталды

Фотография - Астанада түркиялыққа қарақшылық шабуыл жасаған Моңғолия азаматтары ұсталды

Астананың полиция қызметкерлері Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасап, тонаған күдіктілерді қолға түсірді

229 0

Астананың полиция қызметкерлері Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасап, тонаған күдіктілерді қолға түсірді.

Олар Моңғолия елінің азаматтары болып шықты.

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығына 26 жастағы Түркия азаматы ауыр соққы салдарынан болатын ашық бас сүйек жарақаты және шынтақ сүйегінің сынуы секілді алдын ала диагнозымен түскен. Тергеу барысында жапа шегушінің Астанада уақытша тұратыны және жұмыс істейтіні белгілі болды. Ал оқиға орын алар күні ол жұмыстан соң өзінің жұмыс орнында біразырақ кідіріп қалған. Сол жерде белгісіз біреулер оған ауыр дене жарақаттарын салып, жәбірленушіден «Самсунг Галакси» және «Нокиа» маркасындағы екі қалта телефонын, құжаттары мен ірі мөлшердегі ақшасын тартып әкеткен.

Жедел іздестіру шарасы барысында Астана қаласы Есіл ауданы ІІБ қызметкерлері аталмыш қылмысқа қатысы бар делінген үш күдіктіні анықтады. Оларды тінту барысында заттай айғақтар, яғни жәбірленушінің қалта телефоны мен құжаттары, ақшалай қаражаттары табылған. Ұсталған үшеу 25 пен 26 жас аралығындағы Моңғолия азаматтары болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Астана қаласы ІІД уақытша ұстау абақтысына тоғытылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!