Алматы облысында әйелді аса қатыгездікпен өлтірген жігіт ұсталды

Фотография - Алматы облысында әйелді аса қатыгездікпен өлтірген  жігіт ұсталды

31 желтоқсан күні «Алматы-Бішкек» тас жолының 17-шақырымында көптеген пышақ жарақаттармен және зорлық-зомбылық белгілерімен әйел адамның мәйіті табылды

163 0

31 желтоқсан күні «Алматы-Бішкек» тас жолының 17-шақырымында көптеген пышақ жарақаттармен және зорлық-зомбылық белгілерімен әйел адамның мәйіті табылды.

Сарапшылар марқұмның денесінен 16 пышақ жарақатын санады.

Жуырда Қарасай АІІБ-нің қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады - 22 жастағы Түлкібас ауданының тұрғынын Алматы облысының полицейлері Шымкентте ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті қылмысын мойындады және қамауға алынды. Анықталғандай, әйел онымен жыныстық қатынаста болғаннан кейін, полицияға өзін зорлағандығы туралы шағымданамын деп қорқытқан-мыс. Оқиғаның мән-жайы кісі өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу кезінде анықталатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!