Мас жүргізушінің көлік жүргізу салдарынан әйел мен оның алты жасар қызы қаза тапты

Фотография - Мас жүргізушінің көлік жүргізу салдарынан әйел мен оның алты жасар қызы қаза тапты

 31 желтоқсан күні сағат 19.00 шамасында Жәнібек ауданы орталығындағы М.Мәметова көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды

120 0

 31 желтоқсан күні сағат 19.00 шамасында Жәнібек ауданы орталығындағы М.Мәметова көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алкогольдік ішімдік ішіп алған ВАЗ-21214 «Нива» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші жолдан 1971 жылғы Ж. есімді азаматша мен оның 6 жасар қызын қағып кеткен. Ағасының үйіне жаңа жыл мерекесін тойлауға келе жатырған зардап шегушілер оқиға орнында көз жұмды.

Көлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенімен, ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!