Батыс Қазақстанда 10 елдімекен жарықсыз қалды

Фотография - Батыс Қазақстанда 10 елдімекен жарықсыз қалды

Ауада ылғал мөлшерінің артуы мен жабысқақ қардың салдарынан жоғары кернеулі электр желілері істен шыққан

145 0

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Теректі, Зеленов, Қазталов және Тасқала аудандарында бірқатар елдімекендер электр қуатынан ажырап қалды деп хабарлайды қазақстандық ақпарат құралдары.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ауада ылғал мөлшерінің артуы мен жабысқақ қардың салдарынан жоғары кернеулі электр желілері істен шыққан.

Бір ғана Тасқала ауданында 26 электр желісінің бағанына зақым келген. Облыс орталығы Орал қаласындағы бірнеше аудан жарықсыз қалған. Қазір аталған елдімекендерде 200 адам мен 20-дан астам техниканың күшімен электр қуаты желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!