Ақмола облысында екі көліктің соқтығысуынан 5 адам қаза тапты

Фотография - Ақмола облысында екі көліктің соқтығысуынан 5 адам қаза тапты

«Астана-Қорғалжын» автожолының 45-інші шақырымында «Мерседес» пен «Тойота» көліктері соқтығысты.

361 0

6 қаңтар күні, сағат 17.21-де Ақмола облысы Целиноград ауданы, «Астана-Қорғалжын» автожолының 45-інші шақырымында «Мерседес» пен «Тойота» көліктері соқтығысты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол апаты салдарынан «Тойотаның» екі жолаушысы: 49 жастағы ер адам және 50 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, осы көліктің 23 жастағы жолаушысы және «Мерседестің» 26 жастағы жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ауруханаға барар жолда «Тойотаның» 47 жастағы жүргізушісі мен «Мерседесте» болған екі жолаушы: 21 жастағы және тұлғасы анықталмаған екі әйел жан тәсілім етті.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД-нің жеке құрамының 3 адамы мен 1 техникасы барды.


Тегтер:

жол апаты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!