Қарағандыда ішімдікке сылқия тойған ер адам дәмханаға келушілерді винчестермен қорқытты

Фотография - Қарағандыда ішімдікке сылқия тойған ер адам дәмханаға келушілерді винчестермен қорқытты

деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

172 0

Қарағандыда дәмханалардың бірінде келушілерді винчестермен қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Қарағандыда Н.Әбдіров даңғылы бойындағы дәмханалардың бірінде күзет қызметі ішімдікке сылқия тойып, төбелес шығарған ер адамды ғимараттан шығарып жіберген. Бір жарым сағаттан кейін ол «Винчестер» маркалы қарумен қайта келіп, көңіл көтеру мекемесінің әкімшілігі мен келушілерді қорқыта бастады», - делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнына жеткен «Жедел күзет» ЖШС мен облыстық ІІД жол полициясының №2-облыстық батальоны ер адамды құрықтап, Орталық полиция бөлімшесіне жеткізді.

Полицияның ақпаратынша, қоқан-лоқы көрсеткен қару ер адамның атына тіркелген.

«Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 257-бабы, 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданды.  Қару тәркіленді. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарланды облыстық ІІД-ден.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!