ШҚО-да 50 литрлік газ баллоны жарылды

Фотография - ШҚО-да 50 литрлік газ баллоны жарылды

ШҚО-да 50 литрлік газ баллоны жарылып, үй қабырғалары құлады

197 0

Өскемендегі жекеменшік тұрғын үйде кеше күндіз 50 литрлік газ баллонының жарылуы мен одан кейін болған өрт оның қабырғалары мен жабындысының жарым-жартылай құлауына себеп болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Жалын бір сағаттан кейін сөндірілді. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 3 техника бірлігі, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 30 шаршы метр аумаққа тарады.

Жарылыс салдарынан термиялық күйіктер шалған 59 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!