Петропавлда такси жолаушысынан 6 килограммнан астам есірткі табылды

Фотография - Петропавлда такси жолаушысынан 6 килограммнан астам есірткі табылды

деп хабарлайдыі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі

230 0

Петропавл қаласы ішкі істер басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері такси жолаушысынан 6,5 килограммнан астам есірткі тапты, деп хабарлайдыі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Кешкі он бірлер шамасында Крепостной мен Мир көшелерінің қиылысында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған такси жүргізушісін тоқтатады. Осы уақытта көліктен шыққан жолаушы әбігерге түсіп, кетуге асығады. Осы жағдай тәртіп сақшыларының күдігін тудырған.

Сараптама кезінде табылған есірткінің гашиш екені анықталды. Ұсталған адамның айтуынша, ол сумкасындағы есірткіден бейхабар болған. Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық із қозғалып, тергеу жүргізілуде. Оның барысында айыпталушының есірткі бизнесіне қатысы бар-жоқтығы анықталмақ. Ол кездейсоқ таныстарының сумканы жеткізіп беруін сұрағанын алға тартып отыр. Ал сараптама күдіктінің есірткі қабылдағанын көрсеткен.

Барлығы 2012 жылы Петропавлда 146 есірткі қылмысы ашылып, нәтижесінде 170-тен астам түрлі есірткі заттары тәркіленген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!