Сот зайыбын балталап өлтірген ер адамға үкім шығарды

Фотография - Сот зайыбын балталап өлтірген ер адамға үкім шығарды

Қостанайдағы бірінші инстанциялы сот өз зайыбын қастықпен өлтірген қала тұрғынына үкім шығарды

284 0

Қостанайдағы бірінші инстанциялы сот өз зайыбын қастықпен өлтірген қала тұрғынына үкім шығарды.

Оқиға өткен жылдың тамыз айында болған. Бүгінде сотталған азамат өз зайыбын балтамен 8 рет соққылаған. 10 күннен кейін жәбірленуші есін жинамастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Сотталушы өз кінәсін жарым-жартылай мойындады. Ол зайыбын өлтіргісі келмегенін, ал жанжалдың зайыбының онымен ажырасқысы келгенінен туындағанын түсіндірді. Сот оны ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлімімен қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танып, нарколог дәрігерде мәжбүрлеп емдеумен қатаң режимдегі түзеу колониясында 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!